Меню

Страницы

Статья

Ауданның аграрлық секторы

Ауданның аграрлық секторын 628 ауыл шаруашылық құрылымдары құрайды, осның ішінде шаруа және фермер қожалықтары – 482, 146 заңды тұлғалар және 8,4 мың ЖҚШ бар.

Оның 486,1 мың гектары егістікке бөлінген. Жайылым 374 мың гектарды, шабындық 4,6 мың гектарды алып жатыр.

9 айдың қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 50,9 млрд теңгені құраса, соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 36,3 млрд теңге, мал шаруашылығы – 14,6 млрд теңгені құраған. Нақты көлем индексі 111,4% құрайды.

Осакаров ауданы Қарағанды облысының ірі астық егетін аймақтарының бірі. Ауданның үлес салмағы облыстың дәнді дақылдарының егіс алаңдары құрылымында 39,8% - ды құрайды.

Ағымдағы жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егістігі 402,0 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 31,0 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңы едәуір ұлғайды. Олардың ауданы 377,0 мың гектарды құрайды.

Майлы дақылдар 18,5 мың гектарды алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық.

Жем-шөп егу 11,0 мың гектар құрайды.

Картоп пен көкөніс отырғызу-сәйкесінше 382 және 23 гектар.

Ауылшаруашылық дақылдарының алқаптары бірінші, екінші және үшінші сыныптарға сәйкес аудандастырылған сорттардың тұқымдарымен себілген.

Дәнді дақылдар 375,1 мың гектар алқаптан жиналды, 10,7 ц/га орташа өнімділік кезінде 402,3 мың тонна астық жиналды:

соның ішінде: бидай- 380,8 мың тонна

Арпа- 50,3 мың тонна

Сұлы- 3,3 мың тонна

Майлы дақылдардың жалпы түсімі 15,1 мың тоннаны құрайды (орташа өнімділік 8,2 ц/га)

Картоп 7,7 мың тонна жиналды, өнімділігі 203 ц/га құрайды .

Көкөніс - 700 тонна, орташа өнімділігі 322 ц/га құрайды.

231,0 мың тонна азық дайындалды. 2,0 мың тонна пішендеме салынды.

90,0 мың гектар алқапта бу өңделді. 414,0 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Минералды тыңайтқыштар (1,5 мың тонна) 30,8 мың гектар аумаққа енгізілді.

120,0 мың гектар жер жыртылды. Мал қыстайтын жерлерге 43,0 мың тонна сабан жеткізілді.

2022 жылдың өніміне 43,0 мың тонна тұқым себілді.

Ауылшаруашылығы құрылымдарының теңгерімінде:

барлық модификациядағы тракторлар- 2516 бірлік

тұқым себу кешендері - 96 бірлік

астық жинайтын комбайндар- 812 бірлік.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында 9,6 миллиард теңгеге 236 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды.

Материалдық-техникалық база бізге ылғал үнемдеу технологиясы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді, оның ауданы биылғы жылы 301 мың гектарды немесе жалпы алаңның 80 пайызынан астамын құрайды.

 

 

Дата публикации
07 декабря 2021
Дата обновления
07 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 августа 2024
Бұзушылық үшін жазаланды
Ақпарат
08 августа 2024
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы