Меню

Страницы

Статья

2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты-еңбек өнімділігін 2015 жылғы ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға шаққанда 1,2 млн теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн теңгеге дейін ұлғайту, сондай-ақ өңделген өнімді экспорттау арқылы АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін 2015 жылғы $945,1 млн-нан 2021 жылы $2,4 млн-ға дейін арттыру. Міндеттері: 1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2. АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету. 3. Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру. 4. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру. 5. Өткізу нарықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және экспортты дамыту. 6. Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілері құзыреттерінің деңгейін дамытуды қамтамасыз ету. 7. АӨК-дегі өндірістің техникалық жарақтандырылуы мен қарқындылығының деңгейін арттыру. 8. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және АӨК-ке цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету. 9. Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейін арттыру. Нысаналы индикаторлар: Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады: 1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда (2017 жылы – 112%, 2018 жылы – 118%, 2019 жылы – 196%, 2020 жылы – 228%, 2021 жылы – 267%); 2) 2015 жылғы деңгейге қарағанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2017 жылы – 108%, 2018 жылы – 113%, 2019 жылы – 154,2%, 2020 жылы – 170,5%, 2021 жылы – 190,2%) 3) 2015 жылғы деңгейге қарағанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 159%, 2018 жылы – -185%, 2019 жылы – 304%, 2020 жылы-395,3%, 2021 жылы-516%); 4)Тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда (2017 жылы – 102%, 2018 жылы – 122%, 2019 жылы – 185,2%, 2020 жылы – 204,5%, 2021 жылы – 221,9%); 5) Азық – түлік тауарлары импортының көлемі (2017 жылы – $2 466 млн, 2018 жылы – $2 377 млн, 2019 жылы – $2 288 млн, 2020 жылы – $2 196 млн, 2021 жылы – $2 105 млн); 6) өнеркәсіптегі қайталама және айналмалы сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың көлемі: қайталама (2017 жылы – 0,7 км3, 2018 жылы – 0,71 км3, 2019 жылы – жылы – 0,73 км3, 2020 жылы – 0,75 км3, 2021 жылы – 0,77 км3); айналым (2017 жылы – 7,33 км3, 2018 жылы – 7,38 км3, 2019 жылы – 7,46 км3, 2020 жылы-7,54 км3, 2021 жылы-7,62 км3); 7) өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі (2017 жылы – $1 081 млн, 2018 жылы – $1 150 млн, 2019 жылы – $1 270 млн, 2020 жылы – $1 650 млн, 2021 жылы – $2 400 млн); суаруға арналған су шығыны (2017 жылы – 8 608 м3/га, 2018 жылы – 8 223 м3/га, 2019 жылы – 873 м3/га, 2020 жылы – 7 548 м3/га, 2021 жылы – 7 348 м3/га).



Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 августа 2024
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
Ақпарат
08 августа 2024
Бұзушылық үшін жазаланды
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы