Осакаров ауданы азық-түлік белдеуінің аймағына кіреді, бұл өз өнімін өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Сондай-ақ ауданда 3 ауыл шаруашылық тауар өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. (Евразия Инвест ЛТД ЖШС, Тонус ЖШС, Алтын Астық ЖШС) тауарлары елдің ішкі нарығына ғана жеткізіліп қоймай, шетелде де үлкен сұранысқа ие.
ТОО «ТОНУС KZ»
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Мирное ауылы, Мир көшесі, 13.
Меншік нысаны: жеке
Қызмет түрі: сүтті қайта өңдеу және сүт өнімдерін өндіру
Қашан және қайда тіркелді: Қарағанды облысының Әділет департаментінде 08.10.2014 жылы.
Шығарылатын өнімнің ассортименті- сүт, айран, қаймақ, сүзбе, май, тұзды ірімшік, тұздық.
Қызметкерлер саны-19 адам.
ТОО «Алтын астық А»
Осакаровка кенті
Диірменнің құрылған жылы-2008 жыл
Негізгі қызмет түрі: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Жұмыс істейтіндер саны- 40 адам
Түрік техникасы, тәулігіне 220 тонна астық өңдейді. Өнімділігі 160 тонна ұн. Ұн – кг 73 теңге, Кебек – кг 30 теңге, Кебек – кг 28 теңге. Ұн Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстанға экспортталады. Сонымен қатар Осакаров ауданының барлық наубайханалары ұнды «Алтын Астық-А» ЖШС-нен сатып алады. «Алтын Астық» ЖШС 2018 жылы ұн тарту кешеніне жаңғырту жұмыстарын жүргізді – 150,0 миллион теңгеден астам сомаға көлемі 6,0 мың тонна астық сақтауға және вагондарды тиеуге арналған үш ыдыс орнатты.
«Евразия Инвест Ltd» ЖШС
Орналасқан жері: Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі
Қызметкерлер саны: 150 адам
Орташа айлық жалақы: 100 мың теңге
Сублимацияланған ұнтақ қуаты жылына 40 тонна