Ауданда 2018 жылдан бастап «озық» деңгейде нақты егіншілік элементтерін енгізетін 1 цифрлық ферма бар: Осакаров ауданының «Найдоровское» ЖШС – 4000 га. Шаруашылықтар санын және енгізу ауданын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нақты егіншілік элементтерімен бейімделген егіс кешендері мен астық жинайтын комбайндары бар. 28 шаруашылықтың ішінде бағдарламалық қамтамасыз етудің, отын шығынының датчиктері мен GPS трекерлері бар. Ағымдағы жылы Осакаров ауданының 4 шаруашылығы, «Воля» ШҚ, «Qundyzda Agro» ЖШС, «Жаңа Ай» ЖШС және «Жатва В.В.» ЖШС нақты егіншілік элементтерін енгізудің ілгері деңгейіне өту бойынша жұмыс басталды.
«Еңбек-95» ЖШС СТФ мал шаруашылығы саласында сиырларды индекстік бағалау, бағдарламалық қамтамасыз ету сауу залы бар, автоматтандырылған көң шығару, жылытуы бар автоматты астаулар, үй-жайды желдету сияқты цифрландырудың базалық деңгейінің элементтері енгізілуде.
«Евразия Инвест ЛТД» ЖШС фермаларында малды сауу, азықтандыру, GPS-чиптеудің автоматтандырылған үдерістері енгізілуде.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда.