Меню

Страницы

Статья

Мал шаруашылығы

Осакаров ауданы бойынша 2021 жылғы 1 тамызға өткен жылғы тиісті күнмен салыстырғанда ірі қара мал саны 5% өсті және 40152 басты құрады; қой мен ешкі - 19,2% өсті және 45964 басты; шошқа – 0,2% өсті және 5449 басты; жылқы – 27,3% өсті және 19924 басты; түйе 20 бас, құс - 57340 басты құрайды. Ет өндірісі 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8% өсті және 4,8 мың тоннаны құрады. Сиыр сүтінің өндірісі 2,7%-ға өсті және 31,6 мың тоннаны құрады, тауық жұмыртқасының өндірісі 3,5%-ға өсті және 4,7 млн. дананы құрады. Дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал мен құстың барлық түрлерінің етін, сүтін, тауық жұмыртқасын өсуіне байланысты аудан бойынша нақты көлем индексі 101,5%-ды құрады.

Ауданның мал шаруашлығын дамыту үшін нысаналы көрсеткіштер белгіленіп, жұмыс жүргізілуде. Бірінші нысаналы көрсеткіш - ірі қара малдың аналық басын тұқымдық түрлендіру. 2021 жылы аудандағы 18681 ірі қара малдың аналық басының 4861 басы тұқымдық түрленуі тиіс немесе 27% қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге 3206 бас немесе 17,2% орындалды. 16 шаруашылық 108 бұқа жалға алды. Оның ішінде 10 шаруашылық «Асыл –Түлік Қарағанды» АӨК-нен 40 бұқа, 5 шаруашылық «Жәке» ШҚ-нан 64 бұқа, 1 шаруашылық «Сарыарқа АӨХ» ЖШС-нен 2 бұқа, 1 шаруашылық «Марат» ШҚ-нан 2 бұқа жалға алды. Тұқымдық бұқаларды жалға алуды және сатып алуды жоспарлап отырған шаруашылықтар бар.

Екінші нысаналы көрсеткіш - ірі қара малдың аналығын және ұсақ қара мал сатып алу. 2021 жылы 900 бас ірі қара малдың аналығын және 670 бас ұсақ қара мал сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге 40 бас ірі қара мал сатып алуға 12 млн. теңге сомасына 1 шаруашылыққа несие беріліп, 40 бас ІҚМ сатып алынды. (Барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ -нан мал шаруашылығы байынша 9 шаруашылыққа 39,8 млн.тенге несие берілді. Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасымен 1 шаруашылыққа 40 бас ІҚМ сатып алу үшін 12 млн. тенге берілді. «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасымен 8 шаруашылыққа 27,8 млн. тенге берілді. Барлығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ–нан мал шаруашылығы бойынша 1 шаруашылыққа 3,6 млн.тенге несие берілді.) Ұсақ мал сатып алу бойынша жұмыстар басталған жоқ.

Үшінші нысаналы көрсеткіш - бұқашықтарды бордақылау алаңдарына тапсыру. 2021 жылда бұқашықтарды бордақылау алаңына тапсыру жоспары - 500 бас. Бүгінгі күнге бұқашықтарды бордақылау алаңдарына тапсырған шаруашылықтар жоқ. Жыл соңына дейін бұқашықтарды бордақылау алаңдарына тапсыруға ниетті шаруашылықтар бар.

 

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 августа 2024
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
Ақпарат
08 августа 2024
Бұзушылық үшін жазаланды
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы