Қарағанды облысы «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

КІРІСПЕ

 

Мемлекеттік мекеме/ұйым басшысының 2023 жылғы 10 наурызындағы №5 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде Қарағанды ​​облысы «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылдың 10 наурызы мен 28 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдауда Қарағанды облысының «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 01 желтоқсаннан 2022 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жұмыс тобымен жүргізілді. Қарағанды ​​облысы «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тобы 5 адамнан құралды.

1) Жанарстанов Асқар Жанксыкельдинович -бөлім басшысының орынбасары;

2) Кабидал Калиматолла-бөлімнің бас маманы;

3) Курманбекова Жазира Жеинкуловна -бөлімнің бас маманы;

4) Қаратай Заманбек Ермекұлы – бөлімнің бас маманы;

5) Дульзон Анастасия – бөлімнің бухгалтері.

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» ММ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.

 

Ағымдағы жылдың басынан бастап талдау барысында бөлімнің қызметін реттейтін, нормативтік құқықтық актілерге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларға қатысты дискрециялық өкілеттіктер анықталған жоқ.

Бөлім өз қызметін келесі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII Азаматтық кодексі;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік Кодексі;

«Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі.;

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы;

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы;

Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №990 қаулысы;

Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 «Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.

 

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 2022 жылғы 1 желтоқсан аралығындағы нәтижелер бойынша ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде келесі мәселелер қаралды:

1) персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

Талдау барысында осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2023 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша штат саны- 10 қызметкер. мемлекеттік қызметшілер- 6, техникалық персонал- 4. Нақты саны - 8, бос жұмыс орындары – 2 бас маман және хатшы.

2021 жылдың 01 желтоқсанынан 2022 жылдың 01 желтоқсанына дейін 1 қызметкер өз еркімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан шықты, 2022 жылы меритократия (мансаптық өсу) қағидаты бойынша 2 қызметкер басқа лауазымға тағайындалды:

- Кенесбай Еркежан 31.10.2022 жылы Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне ауысты.

- 11.04.2022 жылғы кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне сайлау қорытындысы бойынша, Аманжол Оралбек Пионер ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

-Аманжол Оралбек 11.04.2022 года по итогам выборов акимом поселков и сельских округов, назначен надолжность акима Пионерского сельского округа.

Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелер ресімделеді және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру кезеңіне сенімгерлік басқаруға беру қажеттілігі туралы түсіндіріледі. Мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет кіргені туралы декларацияларды уақтылы тапсыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

2022 жылы біліктілікті арттыру/қайта даярлау курстарына бөлімнің 4 қызметкері жіберілді.

- Каратай Заманбек Ермекұлы. 2022 жылдың 11-29 сәуір аралығында курстан өтті. Қарағанды қ. «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы». «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары.

- Кабидал Калиматолла. Қарағанды қ. «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында» «Мемлекеттік тілде құжаттарды рәсімдеу, хат алмасу және дайындау» тақырыбы бойынша 2022 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында курстан өтті.

- Кенесбай Еркежан. Қарағанды қ. «ҚР Президентінің Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша 2022 жылдың 26-28 қазан аралығында курстан өтті.

- Курбанбекова Жазира Жейнкуловна. Қарағанды қ. «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында» «Мемлекеттік қызметтегі мансап және кәсіби өсу» тақырыбы бойынша 2022 жылдың 14-16 қараша аралығында курстан өтті.

2) мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша:

Есе тапсыру кезеңінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, сондай-ақ жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының тікелей бағынысындағы мемлекеттік лауазымдарға орналасу және Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестес болу фактілері анықталған жоқ.

Бөлім Мемлекеттік сатып алуды ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы).

3) мемлекеттік қызметтер көрсету желісі бойынша:

Ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес АӨК саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін электрондық түрде көрсетеді, оның ішінде:

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ арнайы жол талғамайтын көліктерді басқару құқығына куәлік беру
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жол талғамайтын арнайы көліктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару.
  3. «Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру), талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру механизмдер, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай – ақ арнайы жол талғамайтын көліктер.
  4. Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жол талғамайтын көліктерді жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру олардың мерзімдерін қысқартуға (ең аз мерзім - 3 жұмыс күні), көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланысқа түспей-ақ жасауға мүмкіндік берді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және олардың қызмет  көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Алайда, жыл сайынғы техникалық байқауды өткізу кезеңінде 3 күн мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету келесідей жағдайда: ауданның барлық аумағындағы шаруашылықтарда техникалық байқауды жүзеге асыра отырып, ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы жұмыс орнында болмауына байланысты мүмкін емес.

Ауыл шаруашылығы бөлімі жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мәселесін талдауды тұрақты түрде жүргізеді, сондай-ақ байқаудан өткізу бойынша проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланады.

Бөлім мемлекеттік қызметтерді алу кезінде АӨК субъектілерінің мәселелеріне тұрақты негізде Талдау жүргізеді.

2022 жылы Бөліммен 2 382 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- басқару құқығына тракторшы-машинист куәліктерін беру -191.

- Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу есебінен шығару-373.

- Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару) - 140.

- Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу-1678.

 Бөлімнің жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Келіп түскен барлық хат-хабарлар «Электрондық құжат айналымы жүйесі» ААЖ арқылы электрондық форматта тіркеледі және басшылықтың қарауына беріледі.

Бөлім «Ашық үкімет» жобасы бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА» порталдарында, сондай-ақ МО ЕПИР мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының ресми интернет-ресурсында тұрақты негізде орналастырады.

Басқарма жұмысында «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі», «Персоналды басқару жүйесі», «1С: Бухгалтерия», «Мемлекеттік сатып алу», «Клиент – қазынашылық», «е-Қызмет», «ИПГО», «е-Otinish», «Senim-109» ақпараттық жүйелері пайдаланылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Талданатын кезеңде «е-Otinish» базасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың 11 өтініші, «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде» 4 өтініші, «Senim-109» жүйесінде 1 өтініш тіркелді.

Талдау барысында келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

Мемлекеттік қызметтер:

Ауыл шаруашылығы және басқа да мамандандырылған техниканы тіркеуді, алып тастауды, сондай-ақ осы техниканы техникалық байқаудан өткізуді бір адам, атап айтқанда ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мамандары жүргізеді, екінші мәселе техникалық байқаудан өткізу, техниканы тексеру техникалық байқауды өткізетін мамандандырылған кәсіпорындарда емес, тікелей шаруашылықтардың өзінде жүргізіледі, үшінші мәселе- тексеруді жүргізу үшін арнайы техникалық жабдықтың шығуын және жеткізілуін жүзеге асыру үшін, бас маманның жеткізу көлігінің болмауы.

Ұйымдастыру-басқару қызметі:

Талдау барысында негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы және осы салада туындайтын барлық мәселелер, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманының мынадай функциялары бар екені анықталды: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін өнімділік туралы жазбаша өтініш негізінде анықтама беру, бұл анықтама мемлекеттік қызмет болып табылмайды және ол ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметін растау үшін ғана қажет, сондай-ақ, осы маман 29 АШМ статистикалық есебінің деректері негізінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында жеңілдетілген жағармай отынын дербес бөледі, бұл сондай-ақ лобби жасау не біреуге артықшылық беру жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының статистика органдары оны бере отырып, кірістілік туралы анықтаманы электрондық форматқа беруді ұсынамыз, өйткені ол Қазақстан Республикасының Статистика органдарына ұсынылатын 29 АШМ есебінің деректері.

 

Сәйкессіздік ЖСН/БСН

Ағымдағы жағдай – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «Шаруа қожалығы және жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік» болса, «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері», бірлескен дара кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін бір мезгілде бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу кезінде БСН беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзушылықтарды болдырмау үшін, атап айтқанда өтініш беруші мен мемлекеттік қызметті алушының ЖСН/БСН сәйкес келмеуіне байланысты веб-порталдағы салықтық деректер базасымен интеграциялау қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Қызмет ерекшелігіне байланысты - бөлім тұрақты негізде бөлімнің қызмет саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданады. Қол қоюға ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен бөлім әзірлеген құқықтық сипаттағы құжаттар Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде олардың дайындалуының дұрыстығы заңды (заң техникасы)түрде тексертен өтеді.

Ұсынылады: Бөлім құрылымының өзгеруіне және «Осакаров ауданының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимитін бекіту туралы» Осакаров ауданының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №91/09 қаулысына өзгерістер енгізуге сәйкес құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі маман лауазымының қысқаруына байланысты мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың функцияларын бөлім қызметкерлері арасында қайта бөлу.

 

Қосымшалар: ­­­­­­­­­­­­______ парақта (талдау кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелері, сот шешімдері, хаттамалар, тексеру актілері және басқа да құжаттар, ақпараттық материалдар).

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

1) Жанарстанов А.Ж., бөлім басшысының

орынбасары _________________________________________;

 

2) Кабидал К.

бөлімнің бас маманы __________________________________________;

 

3) Курманбекова Жазира Жеинкуловна

     бөлімнің бас маманы___________________________________;

 

4) Каратай Заманбек Ермекұлы

     бөлімнің бас маманы___________________________________;

 

5) Дульзон Анастасия

    бөлім есепшісі__________________________________________.

 

 

 

 

Таныстым:

 

Қарағанды облысы

«Осакаров ауданының

ауыл шаруашылығы

бөлімінің» басшысы____________________ К. Абильдинов

                                                            

 

                                                            

 

Қарағанды облысы «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
21 апреля 2023