«Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

 

«Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

 қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

 

        2020 жылғы                                                                   08 қазан Осакаровка кенті

 

       «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылғы 09 қыркүйектегі №24 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының  негізінде жүргізілді.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтамасы  жұмыс тобымен жасалды, оның ішінде:

      Жұмыс тобының жетекшісі:

     Әбілдинов Қабылда Әкімжанұлы – «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

    Жұмыс тобының мүшелері:

    Жапаров Ардақ Қажымұратұлы – «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

    Қабидал Қалиматолла – «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі;

    Кеңесбай Еркежан – «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгерінің м.а.;

    Сыздықова Ботагөз Қасымжанқызы-Қарағанды облысы Осакаров ауданының    

кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры.

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

     2020 жылдың 09 қыркүйегінен 08 қазанына дейін.

     Талданатын кезең: 2020 жылдың 9 айы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;
  3. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау;
  4. Талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер.

     Талданатын объект туралы мәліметтер: «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) Осакаров ауданының әкімдігімен өз құзыреті шегінде Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті мемлекеттік басқарудың атқарушы органы болып табылады.

      Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қарағанды облысы әкімінің, Осакаров ауданы әкімінің, Осакаров ауданы мәслихатының шешімдері мен өкімдеріне, осы Ережеге және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге,сондай-ақ Осакаров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №34/03 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеменің  Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  1. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап және осы уақытқа дейін 1936 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде

      1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша -139 қызмет көрсетілді.

      2) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы), талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) қою және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату- 287 қызмет көрсетілді;

     3) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару» -48 қызмет көрсетілді.

    4)  Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін және ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу -1462 қызмет көрсетілді.

       «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және өтініш үлгілері бар ақпараттық стенд қолжетімді жерде орналастырылған.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

     Ауыл шаруашылығы бөлімінде кіреберістің алдында ақпараттық стенд орналасқан,  басшының телефонмен хабарласуға қабылдау кестесі бар.

    - Ағымдағы жылдың басынан  азаматтардың 12 өтініші қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардың 8 өтініші, заңды тұлғалардың 3 өтініші, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау.

     «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер сақталады, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайлары анықталған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер.

     - Бөлім қызметкерлері туралы БАҚ критикалық жарияланымдар болған жоқ. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану жөніндегі сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

 

         Бөлім басшысы                                                             К. Әбілдинов

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

         Бөлім басшысының орынбасары                                             А. Жапаров

 

        Сектор меңгерушісі                                                                   Қ. Қабидал

 

       Бас маман-заңгерінің м.а.                                                         Е. Кеңесбай

 

       Қарағанды облысының                                                  

       кәсіпкерлер Палатасы

       Осакаров аудандық филиалының директоры                        Б. Сыздықова

 

 

Аналитическая справка по итогам внутреннего анализа коррупционных государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства Осакаровского района»
Дата публикации
03 сентября 2021