ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылы республикалық бюджеттен алғаш рет ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми институттарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға қаражат бөлінді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылы республикалық бюджеттен алғаш рет ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми институттарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға қаражат бөлінді
Нәтижесінде 22 ғылыми-зерттеу институты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды орындау үшін жаңа зертханалық жабдықтарды, бағдарламалық жасақтаманы, аспаптарды, заманауи кешендерді, жинақтаушы бұйымдарды сатып алуға мүмкіндік алды. Осылайша, биологиялық бейіндегі ғылыми институттар – Билогиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты, Жалпы генетика және цитология институты, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты зертханалық шағын центрифугалармен, нақты уақыт режимінде ПЦР жүргізу құралдарымен, гематологиялық талдағыштармен биочиптерді термостаттаудың және дайындаудың көпфункционалды жүйесімен және тағы басқа бұйымдармен жабдықталды. Гуманитарлық бейіндегі институттар да назардан тыс қалмады. Осылайша, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 5000-нан аса қолжазбаны, 500-ге жуық шағын фильмді, бір мың сирек тарихи сурет пен 300-ден аса пластинка мен аудиожазбаны цифрландыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл үшін ескі қолжазбаларды, қайта жазбаларды, демагниттелген аудиожазбалар мен аудиокассеттерді цифрландыру жабдықтарын сатып алды.
ҒЗИ үшін жабдықтарды жаңғырту және сатып алу ғылыми зерттеулер нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. ҒЗИ-ді ары қарай материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ Ғылым комитеті 2021-2022жж. бюджет шеңберінде қаржыландыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.