ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңестің, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Кариннің жеке қолдауымен Қазақ-қытай қатынастары тарихы бойынша «Цинь империясы және қазақ хандығы» атты сирек кездесетін архивтік құжаттардың жинағы қайта басылып шығарылды. Бұл жинаққа XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап, XIX ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі кезеңдегі қазақ билеушілерінің қытай, түркі және орыс тілдерінен аударылған Циндік Қытаймен қарым-қатынастарының тарихы туралы құжаттар енгізілген. Құжаттарда Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруіне дейінгі Цин империясымен алғашқы байланыстарын орнатқан оқиғалары көрініс тапқан. Берілген құжаттардың түпнұсқалары аударма түрінде алғаш рет 1989 жылы «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгімен шағын тиражбен жарияланған. Екінші басылымда Клара Хафизова және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарының қатысуымен үлкен жұмыс атқарылды. Қайта басылып толықтырылған сирек кездесетін бірегей құжаттар жинағы Орталық Азия халықтары мен мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын ғалым мамандардың, сондай-ақ қалың жұртшылықтың да қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.