Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеген және оны өздеріне сынақтан өткізген ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-нің ғалымдарында 42-нші күнде үдемелі иммунитет қалыптасты

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеген және оны өздеріне сынақтан өткізген ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-нің ғалымдарында 42-нші күнде үдемелі иммунитет қалыптасты
Талдамалар мәліметтері бойынша, аралықпен екімәрте бұлшықетішілік иммундау кезінде 21-інші күні 0,5 см3/гол бойынша мөлшердегі вакцина ағзада 5,0 (1:32) log2-ден 9 (1:512) log2-ге дейінгі титрлардағы вирусбейтараптандырғыш (қорғаныш) антиденелердің қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл мәліметтер тұрақты өспелі иммунитет қалыптасқандығы жөнінде айғақтайды.
«Жақында шетелдік және қазақстандық желілік басылымдарда Нанкин университеті Медицина мектебінің қытайлық ғалымдары Covid-19-ға иммунитет жылдам жоғалып кететінін анықтағаны туралы ақпараттар пайда болды. Олардың деректері бойынша, SARS-Cov-2-ге антиденелер саны ауырудан айыққаннан кейін төрт апта өткен соң тез түседі.
Өз зерттеулеріміздің нәтижелерін және иммунология мен эпидомиологияның дәстүрлі шешілген заңдылықтарын ескере отырып, қытай ғалымдары жариялаған ақпараттар дәйексіз немесе қате түсіндірілген деп санаймыз,- деді БҚПҒЗИ директоры Күнсұлу Закария. Институтта наурыз айынан бері коронавируспен бұрын ауырған адамдардың сауыққаннан кейінгі түрлі кезеңдердегі қан сарысуларының үлгілері зерттелуде.
Зерттеу мәліметтері бойынша, мұндай адамдарда вирусбейтараптандырғыш антидене титрлары 3 (1:8) log2-ден 8 (1:256) log2-ге дейін ауытқыған. Симптомсыз ауырып жазылған адамдардың антидене титрлары ауыруды белгілі бір ауыртпалықпен еңсерген адамдарға қарағанда, көбіне төмен болған.
Зерттеуге ауырудың ауыр белгісі бар төрт адам және инфекция симптомсыз өтіп жатқан төрт адам тартылған. Біріншілерінде антидене титрлары 1-64-тен 1:256-ға дейін, ал екінші топта 1:8-ден 1:128-ге дейін ауытқыған.
«БҚПҒЗИ-де өткізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, табиғи ауырып сауыққандардың да (100%), белсендендірілмеген вакцина егілген адамдардың да (100%) қан сарысуы үлгілерінің барлығында жоғарыда келтірілген аздаған енгізілімдерде 3000 ТЦД50 вируленттілік мөлшерлі SARS-Cov-2 вирусын сенімді бейтараптандыратын ерекше антиденелер бар, ал әдетте бейтараптандырғыш антиденелерді табу үшін 100ТЦ50-ден аспайтын вируленттік титрлы вирус пайдаланылады. Бұл ауырып сауыққандардың да, вакцина егілгендердің де қан сарысуында қалыптасқан антиденелердің жоғарғы бейтараптандырғыш сенімділігін көрсетеді. Барлық еріктілер мен қызметкерлер аман-сау, өздерін кермет сезінеді және ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жұмысты жалғастырып жатқанын атап өткім келеді,- деп жалғады сөзін Күнсұлу Закария.