Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Зоология институты» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Зоология институты» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Зоология институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 93).

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

 

  • жануарлар түрлерінің биоалуантүрлілігін, олардың эволюциясы мен филогениясын зерделеу бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, жануарлар әлемінің заттардың табиғаттағы айналымындағы экологиялық рөлін, қоғамдағы халықтық-шаруашылық, әлеуметтік-эстетикалық мәнін анықтау, әртүрлі топтар популяциясының серпінін реттеудегі жануарлардың биоценотикалық мәнін және олардың өсімдіктер мен топырақ жабындысының жай-күйіне әсерін, табиғи және антропогендік факторлар түрлерінің санына, популяциялардың құрылымы мен олардың серпініне әсерін зерделеу;
  • паразит пен иесінің қарым-қатынастарының құрылымдық-функционалдық аспектілерін зерделеу, гидробионттар популяциялары мен қоғамдастықтардың биотүрлілігін және жай-күйін, антропогендік экожүйелердегі зиянды омыртқасыздарды бақылаудың белсенді агенттерінің биотүрлілігін зерделеу, экожүйелердегі омыртқалылар мен омыртқасыздардың таксономиялық түрлілігін анықтау.
  •  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
  • мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3)  мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

 

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен осы Қағидаларға                               2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кестесі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілінде Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін орналастырылады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.

Комиссия хаттамасы тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін 2 (екіден) кем кандидат конкурстық өтінім ұсынса не конкурстық өтінімдер түспесе немесе кері қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурстық Комиссия конкурсты өтпеді деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-19-05.

Электронды пошта: ul.auelbekova@sci.gov.kz