Онда тікелей эфирлер мен ғылым жаңалықтарынан басқа, қазақстандық ғалымдардың ғылыми жетістіктері туралы баяндайтын альманахтар мен бағдарламалар, сарапшылар, профессорлар және жас ғалымдармен танымдық ғылыми әңгімелер жарияланады. Қазақстан ғылымының барлық жаңалықтары мен өзекті оқиғаларынан хабардар болу үшін арнамызға жазылыңыздар.
Назарларыңызға Назарбаев университетінің профессоры Дос Сарбасов пен Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловтың қатысуымен өткен "Gylym Talks" жобасының алдыңғы екі шығарылымының жазбасын ұсынамыз.