
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасында жеміс-жидек дақылдарының вирустарын анықтаудың жоғары сезімтал жүйесі әзірленді. Жыл сайын әлемде патогендерден жеміс - жидек дақылдарының шығымдылығы үлкен. Өсімдік вирустары саңырауқұлақ ауруларынан кейін зияндылығы бойынша екінші орынды алады. Қазақстанда өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасында алма ағашының жапырақтарының хлоротикалық дақтары вирусы, алма ағашының бороздчатости вирусы, алма ағашының мозаика вирусы, алма ағашының шұңқырлық вирусы зерттелді. Зертханада вирустық инфекцияның бақтарда таралуын болдырмау үшін осы вирустарды анықтаудың жоғары сезімтал жүйелері жасалды", - деп атап өтті институт мамандары. Қазіргі уақытта тест-жүйелер патенттелген, аталған тестіні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитариялық бақылау бөлімі пайдаланылуы мүмкін.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің баспасөз қызметі