«ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтар арасында ағаш пен сүйекті көркем өңдеу» кітабы жарық көрді

«ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтар арасында ағаш пен сүйекті көркем өңдеу» кітабы жарық көрді

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қамқоршылар кеңесінің және «Tugurul Han – On Han» корпоративтік қорының қолдауымен белгілі этнограф, тарих ғылымдарының докторы Шайзада Тоқтабаеваның «ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтар арасында ағаш пен сүйекті көркем өңдеу» атты кітабы жарық көрді.         Кітап қолөнердің маңызды түріне жататын ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының ағаш бұйымдарының генезисін, көркемдік-бейнелік және мағыналық мәнін ашуға арналған. Далалық экспедициялар кезінде зерттелген бірнеше қазақстандық мұражайлардың қоймаларында сақталған материалдық мәдениет объектілерін, сондай-ақ қырғыздардың, Алтай қазақтарының, якуттардың, Батыс Сібірдегі моңғол тілдес халықтардың декоративті-қолданбалы өнері туралы материалдарды талдау негізінде ол ағаш өңдеу және сүйек ою өнері ерекшеліктері туралы қорытынды жасай алды.

Атап айтқанда, кітапта қазақтың ағаш пен сүйекті өңдеу материалдары, құралдары, техникасы қарастырылған. Халық шығармашылығының осы түрінен табылған жаңа қырлар мен реңктер бұрынғы өткен талантты шеберлердің ұжымдық еңбектерін тарихи-мәдени маңызын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Кітап-альбом тек гуманитарлық саланың мамандары үшін ғана емес, сонымен қатар өз халқының шығармашылық мұрасына бей-жай қарамайтын оқырман үшін қызықты болады.