
Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы отандық вакцина еріктілерде сыналуға дайын. Сарапшылардың пікірінше, клиникаға дейінгі зерттеу кезеңінің нәтижелері көрсеткендей, COVID-19-ға қарсы отандық вакцина улы емес және оны одан әрі клиникалық зерттеулерде ерікті адамдарға қолдануға болады.
Зерттеу Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық базасында жүргізіледі. Вакцинаны сынауға қатыса алатын еріктілердің жасы – 18-ден 50 жасқа дейін, барлық қатысушылардың денсаулығы өте жақсы болуы керек.
«Анамнезінде COVID-19 диагнозының болмауы. Сонымен қатар, зерттеу басталғаннан бастап соңғы 14 күнде еріктілер коронавирус инфекциясы зертханалық түрде расталған немесе инфекцияға күдікті адамдармен тығыз байланыста болмауы керек. Сондай-ақ, зерттеу ережелеріне сәйкес, қатысушыларда созылмалы инфекциялар мен аллергиялық реакциялар болмауы керек. Алкогольге және есірткіге тәуелді, психикалық ауытқулары, ауыр эндокриндік және бүйрек бұзылулары бар адамдар сынақтарға жіберілмейді. Еріктілер жүрек пен қан айналымы жүйесінің созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрмауы тиіс. Жүкті және бала емізетін әйелдер де зерттеуге қатыса алмайды»,- деп атап өтті БҚПҒЗИ.