2020 жылғы 5 шілдеге іске асыру мерзімі 12 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 373 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 179 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады (1-қосымша). Бір өтінім ғылыми жетекшінің конкурсқа қатысудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты қайтарылды.
Іске асыру мерзімі 27 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 1347 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 563 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылып, өтініш берушілерге қайтарылады (2-қосымша). Бір өтінім ғылыми жетекшінің конкурсқа қатысудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты қайтарылды.
Ауытқу негіздері бөлінісінде жағдай тұтастай төмендегі кестеде көрсетілген
|
|
|
12 ай |
27 ай |
|
1 |
Өтінімді ресімдеудің Үкіметтің №575 қаулысына және конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес келмеуі (күтілетін нәтижелер КҚ талаптарына сәйкес келмейді) |
91 |
276 |
|
2 |
Ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі |
40 |
188 |
|
3 |
Конкурстық құжаттамаға қосымшаларға сәйкес талап етілетін құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы, конкурсқа қатысушыда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болмауы және т. б. |
48 |
99 |
|
4 |
Өтініш берушінің өтініші бойынша пікір |
1 |
1 |
|
|
Барлығы қабылданбады |
180 |
564 |
Алдын ала іріктеуден өткен және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілген ғылыми жобалар бойынша басым бағыттар бөлінісіндегі жағдай төмендегі кестеде көрсетілген.
|
|
Басым бағыты |
27 ай |
12 ай |
|
1 |
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар |
161 |
22 |
|
2 |
Энергетика және машина жасау |
64 |
12 |
|
3 |
Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар |
51
|
5 |
|
4 |
Өмір туралы ғылым және денсаулық |
55 |
8 |
|
5 |
"Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері |
285 |
90 |
|
6 |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі |
67 |
23 |
|
7 |
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс |
12 |
1 |
|
8 |
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер |
88 |
32 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
783 |
193 |
Барлық қабылданбаған өтінімдер 2020 жылғы 7 тамыздағы конкурстық құжаттама талаптарына толық сәйкес келтірілген жағдайда, 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа берілуі мүмкін, оған өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.