ҚР БҒМ Ғылым комитеті  отандық ғылымды дәріптейтін «GYLYM TALKS” жобасын жалғастырады. Жоба 18 тамызда американдық-қазақстандық биолог-ғалым Дос Сарбасовтың қатысуымен бастау алған болатын. Бұл эфир facebook желісінде үш мыңға жуық көрсетілімді қамтыды.
27 тамызда сағ.17.00-де өтетін  «GYLYM TALKS”-тың бейсенбі күнгі қонағы – Назарбаев Университетінің әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті Алима Бисенова. Ол қалалық антропология, ислам антропологиясы, интеллектуалды тарих, отаршылдықтан кейінгі кезең мәселелерін зерттеумен айналысады. Эфир барысында Алима өзінің кеңестік және қазақстандық ғылым тарихы  туралы зерттеулерінің нәтижелерімен бөліседі. Кездесу Zoom платформасында (сұрақ қоямын деушілерге) өткізіледі және facebook желісінде көрсетіледі. https://www.facebook.com/committeenaukakz/