Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурсын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурсын жариялау туралы

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: 010000, Астана қ., Пушкин к-сі, 15Б).

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

1) тарих, сондай-ақ мәдениеттану, этногенетикалық және генеалогиялық зерттеулер, шығыстану, нумизматика, археология, физикалық және мәдени антропологияны қоса алғанда, тарихқа қатысты пәндер саласындағы ғылыми, инновациялық, ғылыми-техникалық, өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; тарихи саясат, этнография, этнология, палеография (соның ішінде кодикология), дипломатия, геральдика, сфрагистика, эпиграфия, тарихи метрология, бонистика, хронология, тарихи география, тарихи информатика, деректану, мұрағаттану, іс қағаздарын жүргізу, тарихи ономастика, тарихи антропонимия, әлемдік тарих ғылымының жетістіктері мен даму тенденцияларына сәйкес тарихи демография мен қорым өткізу;

2) тарих саласында мемлекеттік, өңірлік, салалық, халықаралық және өзге де бағдарламалар мен жобалар, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласындағы отандық және шетелдік қорлардың гранттары шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

3) Жошы ұлысының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерімен байланысты тарихи-мәдени маңызы бар орындар мен объектілердің, туристік көрікті жерлерінде жұмыс істеу және оны қорғалуын ғылыми, ұйымдастырушылық және сараптамалық саласында қамтамасыз ету;

4) тарихи, генеалогиялық және генетикалық зерттеулер жүргізу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білгені жөн.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген № 075/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік     15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті.

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-19-05.

Электронды пошта: ul.auelbekova@sci.gov.kz