Ғылым комитеті "GYLYM TALKS" жобасын іске асыруды бастады.

Ғылым комитеті "GYLYM TALKS" жобасын іске асыруды бастады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "GYLYM TALKS" жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты-Қазақстан ғылымы мен ғалымдарын танымал ету. Жобаның алғашқы қонағы - "Назарбаев Университеті" жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің биология факультетінің профессоры Дос Сарбасов. Дос Сарбасов 1997 жылы Арканзас медициналық университетінде биохимия және молекулалық биология бойынша докторлық дәрежесін алды. 13 жылдан астам уақыт Хьюстон медициналық орталығында онкологиялық аурулардың молекулалық және биохимиялық механизмдерін зерттеу зертханасының басшысы болып жұмыс істеді. Ол ғылым әлемінде мРНК транскрипциясы, жасуша пролиферациясы және жасуша ішіндегі ақуыздардың биосинтезіндегі mTOR ақуызының өсу рөлін ашушылардың бірі ретінде танымал. АҚШ-та 26 жыл жұмыс істегеннен кейін Дос Сарбасов Қазақстанға оралды.

Конференцияға қосылу үшін  келесі сілтеме бойынша өту қажет:

https://www.facebook.com/committeenaukakz/