Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
аралық есептер бойынша:
қысқаша мәліметтер:
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының қағидасына сәйкес, есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтерді ұсыну мерзімі — ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасына дейін.
2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар бойынша аралық есептерді ұсыну мерзімі —ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін.
Сонымен қатар, шартқа сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуды сұраймыз.
Орындаушылар аралық есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:
Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуға болады: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-43, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.