Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ғалымдардың жұмыстарын тексеру үшін алынған сөздерді анықтау бағдарламаларын іріктеу туралы

Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ғалымдардың жұмыстарын тексеру үшін алынған сөздерді анықтау бағдарламаларын іріктеу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабының 26-тармағына сәйкес 15 ұйым үшін 2020 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ғалымдардың жұмыстарын тексеру үшін алынған сөздерді анықтау бағдарламаларын іріктеу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

 

Қатысу үшін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ғалымдардың жұмыстарын тексеру үшін алынған сөздерді анықтау бағдарламаларына техникалық ерекшелікке сәйкес келу қажет. Қажетті құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз:.8(7172)74-24-57, 8 747 014 33 70.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 6 тамыз бен 10 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілінде d.sekerbaeva@edu.gov.kz  электронды мекен-жайына қағаз және дискі/флешка түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

1-қосымша: Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ғалымдардың жұмыстарын тексеру үшін алынған сөздерді анықтау бағдарламаларына техникалық ерекшелік.