Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалардың орындалуы жөніндегі аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалардың орындалуы жөніндегі аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар бойынша аралық есептерді (2023-2025 жылдарға арналған БНҚ конкурсы) а.ж. 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының қағидасына сәйкес, аралық есептерді қабылдау бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

Орындаушылар аралық есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

  • Есептер МЕМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген) (Іліспе хат талап етілмейді);
  • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті);
  • Есеп бойынша беттер саны шектелмейді;
  • Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі);
  • Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған жұмыстардың тізімі ағылшын тіліне аударылып, жақшада жарияланымның түпнұсқа нұсқасының тілі көрсетілуі тиіс;
  • Мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасында квартиль және/немесе Scopus базасы бойынша процентиль жарияланған жылы үшін немесе есеп берілген сәттегі соңғысы көрсетілуі тиіс.

Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуға болады: 8 (727) 355 – 50 – 01, вн. (404, 412, 414, 415, 416, 417).

тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-43, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

Қосымша