Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі, теориялық және қолданбалы механика бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Заир Гахипұлы Уалиев тағайындалды.