Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023 жылғы 10 шілдеде 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 320 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру (формальды тексеру) нәтижелері бойынша өтініш берушілер пысықтағаннан кейін 19 өтінім кері қайтарылмағанын ескере отырып, оған қоса 68 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Әрбір өтінім бөлінісінде формальды тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (Қосымша).
223 өтінім ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптауға жіберілді.