2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру

2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру

Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жөніндегі «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар», «Энергетика және машина жасау», «Өмір және денсаулық туралы ғылым», «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер», «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі», «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері» (ХХІ ғасыр білім, гуманитарлық ғылымдар саласының іргелі және қолданбалы зерттеулері)», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін Ғылым комитеті төрағасының        2020 жылғы 20 сәірдегі  № 57-нж бұйрығымен бекіткені туралы хабарлайды.                

Жоғарыда аталған басым бағыттар бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің отырысы хаттамаларынан үзіндіге сәйкес 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі қоса беріледі (қосымша).

Сонымен қатар Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерімен мақұлданған 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру бойынша қоса берілген үлгіге сәйкес  келісім-шарт жасасу қажет екенін хабарлайды (қосымша – келісім-шарт үлгісі).

Келісім-шарт жасасу кестесі 2020 жылдың 22 сәірінен бастап қоса берілген (қосымша – келісім-шарт жасасу кестесі).

Приложения

Бұйрық