Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мүшелері мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған 13 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және төрт секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника,       А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына сәйкес Комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі кеңінен талқылау мақсатында жарияланады.

  1. «Репродуктивті денсаулықты қорғаудың инновациялық технологиялары»

Авторлар:

1) Мамырбаев Арстан Абдраманұлы – жұмыс жетекшісі;

2) Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы;

3) Жаркенов Тимур Ағатайұлы;

4) Ізтілеуов Марат Қапенұлы;

5) Түсіпқалиев Ақылбек Балашұлы.

Ұйым: «Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  1. «Өсімдік талшығынан жаңа отандық түпнұсқа медициналық препараттарды өндіруді ұйымдастыру және дамыту»

Авторлар:

1) Ақназаров Сестагер Құсайынұлы – жұмыс жетекшісі;

2) Бисенбаев Махмұт Ахметжанұлы;

3) Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы;

4) Төлейбаева Шалпан Әлиқызы.

Ұйым: «Жалын» ғылыми өндіріс-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  1. «Мультирезистентті туберкулезді емдеуге арналған ФС-1 инновациялық дәрілік препараты»

Авторлар:

1) Ильин Александр Иванович – жұмыс жетекшісі;

2) Ахметова Гүлшара Қапанқызы;

3) Дудник Вячеслав Юрьевич;

4) Исламов Ринат Әлімжанұлы;

5) Керимжанова Бақытжан Фазылжанқызы;

6) Коротецкий Илья Сергеевич;

7) Курбатов Андрей Петрович;

8) Юлдашева Гульнара Абд-Рашидовна.

Ұйым: «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы.

  1. «Қазақстан Республикасындағы бариатриялық және метаболикалық хирургияның концептуалды реинжинирингін әзірлеу және енгізу – мультидисциплинарлық көзқарас»

Авторлар:

1) Оспанов Орал Базарбайұлы – жұмыс жетекшісі;

2) Шаназаров Насрулла Абдуллаұлы;

3) Биімбетов Бақытжан Рысқұлұлы;

4) Бенберин Валерий Васильевич;

5) Цой Алексей Владимирович;

6) Албаев Рустам Қуанышбекұлы;

7) Вощенкова Тамара Анатольевна.

Ұйым: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  1. «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер»

Авторлар:

1) Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы - жұмыс жетекшісі;

2) Бакланов Виктор Владимирович;

3) Витюк Владимир Анатольевич; 

4) Зарва Денис Борисович; 

5) Қоянбаев Ерболат Тайтөлеуұлы;

6) Сқақов Мәжін Қанапияұлы;

7) Тәжібаева Ирина Лашкаровна;

8) Шектібаев Бауыржан Жамбылұлы.

Ұйым: «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  1. «Техникалық мамандықтарда оқитын қазақ мектептерін бітіргендерге қажет терминологияны қалыптастыру және оқу құралдарын құрастыруды дамыту (энергетика саласында)»

Авторлар:

1) Алияров Бірлесбек Қанұлы – жұмыс жетекшісі;

2) Алиярова Мадина Бірлесовна.

Ұйым: «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  1. «Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындарының жұмысын цифрлық технологияларды өнеркәсіптік игеру базасында жоғары тиімді қамтамасыз ету»

Авторлар:

1) Шамғанова Ләззат Саяқызы – жұмыс жетекшісі;

2) Балтиева Аминям Абдулхамитқызы;

3) Ғалиев Сейтқали Жолдасұлы;

4) Махонин Владимир Евгеньевич;

5) Шабельников Евгений Алексеевич;

6) Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы;

7) Самсоненко Анатолий Иванович;

8) Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы.

Ұйым: «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму

министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы «Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты».

  1. «Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарихи және әдеби зерттеулер» тақырыбы аясында ғылыми еңбектерінің циклы

Авторлар:

1) Сыдықов Ерлан Бәтташұлы;

2) Қамзабекұлы Дихан;

3) Жұртбай Тұрсын Құдакелдiұлы;

4) Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы.

Ұйым: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Осы жұмыстар бойынша пікірлер 2023 жылғы 25 тамызға дейін farabi2023@mail.kz электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.