«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ 2023 жылғы ҒЗТКЖ қаржыландыру міндеттемелерін орындау үшін ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) іске асыруға келесі тақырыптар бойынша конкурс жариялайды:
- «Бұқарсай кенішінде өнімді қабаттарды су басу кезінде айдалатын сулардың қабат суларымен химиялық үйлесімділігін зерттеу»;
- «Ағын динамикасын модельдеу мен мониторингтеудің жаңа әдістерін қолданып, Арысқұм кенішінің бор кендерін игеру жүйесін оңтайландыру»;
- «Геологиялық-геофизикалық және өндіру деректерін түсіндірудің озық әдістерін қолданып, Арысқұм кенішінің Юра кендерін өндіру әлеуетін зерттеу»;
- «Қарабұлақ кенішінің орталық және оңтүстік бөлігінің төмен өткізгіш сазды-әктас коллекторларында көлемді ҚГЖ технологиясын зерттеу және оны қолдану перспективасы»;
- «Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кенішінде су басу жүйесін жетілдіру және МБА енгізу мүмкіндіктерін зерттеу»;
- «Құмкөл кеніші Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі ұңғымалар торларының бірінде бөлек айдау және кезектесіп өндіру технологиясын қолдану арқылы мұнай беруді ұлғайту тетіктерін зерттеу».
Жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері көрсетілген ҒЗТКЖ-ны жоспарлы сатып алу туралы ақпарат №1 қосымшада беріледі.
Байланысты тұлға: «ПҚҚР»АҚ әзірлеу және өндіру департаментінің өндіру бөлімінің бастығы – Аймурат Кудалша, телефон 8-7242-299513 / 8-7242-27-68-68 (ішкі нөмер: 95-13), электронды пошта: aimurat.kudalsha@petrokazakhstan.com.
Қосымша