Ғылыми зерттеудің жоспарланып отырған сатып алуы туралы ақпарат

Ғылыми зерттеудің жоспарланып отырған сатып алуы туралы ақпарат

Ғылыми зерттеудің жоспарланып отырған сатып алуы туралы ақпарат

ҒЗТКЖ жобасының қысқаша сипаттамасы

Реттік №

 

Жоба атауы

Құны,

млн.тг

Мақсаты

Қысқаша сипаттамасы

1

Көп компонентті термиялық флюидті (КТФ) айдау бойынша инновациялық технологияны және қондырғыны әзірлеу                   

Жұмыстың жалпы құны -  3 644 млн. теңге, соның ішінде жұмыстың 1-кезеңі – 929,8 млн. теңге, 2-кезеңі – 2 714,2 млн. теңге.

Көп компонентті термиялық флюидті айдау технологиясын қолдану арқылы Қаражанбас кен орнының мұнайын іріктеу қарқынын және тұтқырлығы жоғары мұнайды алу коэффициентін көтеру, жылумен әсер ету процесінің экологиялық тазалығын арттыру.

 

Қаражанбас кен орнында бу айдау технологиясы қолданылады. Алайда, төменде көрсетілгендердің өндіріске қажет көлемінің болмауына байланысты:

 - отын газы – қажет көлемнің 90% - на дейін Қаламқас кен орнына көрші кен орнынан газ сатып алынып отыр;

- Тұщы су - қолданыстағы Астрахань-Маңғышлақ су құбырының жүктемесі -  100%,  коммуналдық-тұрмыстық және ауылшаруашылық мақсатпен тұтыну көлемі күн сайын өсіп отырғанына байланысты, ең тиімді термиялық әдістерді (бу-жылу әсері) қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік жоқ. Бұл алынатын қалдық қорлардан іріктеу қарқынын төмендетеді және су айдау учаскелерінде жобалық МАК-ке қол жеткізбеу қаупін тудырады. Альтернатива ретінде, процестің энергиялық тиімділігін арттыратын және процестің экологиялық тазалығын жақсартатын көп компонентті термиялық флюидті айдаудың инновациялық технологиясының тұжырымдамалық шешімін бейімдеу жоспарланып отыр. Сәтті шығып жатса, бүкіл Бозашы тобына (Солтүстік Бозашы, Солтүстік Қаражанбас, Жалғызтөбе кен орындары) және тұтқырлығы мен тығыздығы жоғары басқа да кен орындарына қолдануға болады. Басқа технологияларға қарағанда, бұл технологияда отынды ашық жағу деген атымен жоқ, яғни жағудан қоршаған ортаға эмиссия болмайды.

 

Барлығы:

3 644

 

 

 

 

Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері:

 «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы, заңды және  нақты мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9А шағын аудан, 4-ғимарат, байланыс телефоны: +7 (7292) 473263, эл.пошта: l_utebayeva@kbm.kz.