2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар  бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына барлығы 2115 конкурстық өтінім ұсынылғанын хабарлайды.

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 692 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.

Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 1423 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша