2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың 14 қарашасында 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым»  жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 503 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 173 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.

Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 330 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша (тізім)