Құрметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларды орындаушылар!
Ғылым комитеті 2022 жылғы 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау (жетекшілер туралы ақпарат және актінің нысаны қоса беріледі), сонымен қатар аяқталатын жобалар мен бағдарламлар бойынша қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті қабылдау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды (жалғасатын жобалар мен бағдарламалар үшін 2022 жылдың қаржылық есептері №575 ҚР ҮҚ сәйкес 2022 жылғы 5-24 қантар аралығында қабылданады).
Актілерді дайындау кезінде келесі сәттерге назар аударуыңызды сұраймыз.
Шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес орындалған жұмыстарды сипаттағаннан кейін:
- күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстарды сипаттағаннан кейін нақты жасалған жұмыстарды көрсету;
- зерттеу нәтижелері, есепті кезеңдегі басылымдардың, патенттердің және т.б. шығыс деректерін (авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспа орны, беттер саны), сондай-ақ журналдардың процентилі мен квартилін көрсету.
Бұл ретте, орындалған жұмыс туралы мәліметтер мен нәтижелер шарттың есепті кезеңдегі бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес келуі маңызды.
Актілерді алдын ала қарау келесі электрондық мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады:
zhanar.abzhamalova@edu.gov.kz – Абжамалова Ж.Е. тел. 8-7172-74-19-18
l.koishygulova@edu.gov.kz – Койшыгулова Л.Р. тел. 8-7172-74-24-68
sa.nurakhmetova@edu.gov.kz – Нурахметова С.А. 8-7172 -74-20-29;
g.kuramaeva@edu.gov.kz – Курамаева Г.Н. 8-7172 -74-20-29;
d.turganbayev@edu.gov.kz – Турганбаев Д.А. 8-7172 -74-25-88;
g.basharova@edu.gov.kz – Башарова Г.Т. 8-7172 -74-25-88.
2022-2024 жж. арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі «Жас Ғалым» жобалары бойынша:
a.sembieva@edu.gov.kz – Сембиева А.А. 8-7172 - 74-24-71;
b.sakhariyanova@edu.gov.kz – Сахариянова Б.Т. 8-7172 - 74-24-71;
a.tapalova@edu.gov.kz – Тапалова А.. 8-7172 - 74-24-71