2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру

2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жобалардың жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді а.ж. 15 қарашасынан 30  қарашасына дейінгі аралықта қабылдайтындығын хабарлайды:

  • 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2022-2024 жылдарға арналған ГҚ конкурсы бойынша);
  • 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» екінші конкурс);
  • 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» үшінші конкурс);

 

Қабылдау электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі (http://is.ncste.kz).

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бақармасына хабарласу қажет: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19