Жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру

Жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру

Жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

қорытынды есептертер бойынша:

  • іске асыру мерзімі 27 ай гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2020-2022 жылдарға арналған ГҚ конкурсы);
  • 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2020-2022 жылдарға арналған ЖҒК 1);
  • 2021-2022 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар бойынша (2021-2022 жж. арналған конкурстан тыс БНҚ);

аралық есептер бойынша:

  • 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар бойынша (2021-2023 жылдарға арналған конкурстан тыс БНҚ);
  • 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар бойынша (2021-2023 жылдарға арналған БНҚ конкурсы);
  • 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламалар бойынша (2022-2023 жылдарғаарналғанБНҚконкурсы);

қысқаша мәліметтер:

  • 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2021-2023 жылдарға арналған ГҚ конкурсы);
  • 2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2021-2023 жылдарға арналған ЖҒК 2);
  • 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2022-2024 жылдарға арналған ЖҒК 3);
  • 2022-2024 жылдарға арналған Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» бірінші конкурс) есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының қағидасына сәйкес есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі – Ереже) 39-тармағына сәйкес, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындаушылар уәкілетті органға ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептерді ұсынады.

Қағидалардың 66-тармағына сәйкес, гранттық қаржыландыру шеңберінде орындаушылар уәкілетті органға ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей (жоба аяқталғаннан кейін) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ұсынады.

Іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын гранттық қаржыландыру шеңберіндегі шарттар бойынша грант алушылар ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтерді сараптама орталығына ұсынады.

Бұл ретте шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуды сұраймыз.

Орындаушылар келесі талаптарға сәйкес аралық және қорытынды есептерді дайындауы қажет:

  • Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). (Іліспе хат қажет емес);
  • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті);
  • Есеп бойынша беттер саны шектелмейді;
  • Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі);
  • Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған жұмыстардың тізімі ағылшын тіліне аударылып, жақшада жарияланымның түпнұсқа нұсқасының тілі көрсетілуі тиіс;
  • Мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасында квартиль және / немесе Scopus базасы бойынша процентиль жарияланған жылы үшін немесе есеп берілген сәттегі соңғысы көрсетілуі тиіс;
  • Қорытынды есеп жобаны орындаудың барлық жылдарындағы зерттеулердің аса маңызды нәтижелерін қамтуға тиіс.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бақармасына хабарласу қажет: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19

 

ГОСТ