2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ағымдағы жылдың 16 ақпанында 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 2519 конкурстық өтінім ұсынылды. 1 өтінім өтініш берушінің бастамасы бойынша қайтарылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша 617 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.

Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша).

1901 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

 

 

Қосымша