
Ғылым комитеті 14.02.2019 жылы БҒМ мен ҒК сайттарында жарияланған «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 (23 ұсыныс түсті), «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 (5 ұсыныс түсті), «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 (17 ұсыныс түсті), «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 (21 ұсыныс түсті) қаулы жобаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізуді талқылау а.ж. 6 наурызында аяқталғанын хабарлайды. Барлық ұсыныстар Ғылым комитетінің 2018 жылғы 26 желтоқсанындағы №194-НЖ бұйрығымен бекітілген ғылым жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша Жұмыс комиссиясында қаралады. Алынған ұсыныстарды ескере отырып, қайта қаралған жобалар жақын арада https://legalacts.egov.kz сайтында жарияланады.