Құрметті гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды орындаушылар!
Ғылым комитеті 2022 жылдың 1-жарты жылдығының кезеңі бойынша 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау туралы хабарлайды (жас ғалымдар үшін және іске асыру мерзімдері 27 және 36 айды құрайтын, БНҚ 2021-2023) (қабылдау кестесі және актінің нысаны қоса беріледі).
Актілерді дайындау кезінде келесі сәттерге назар аударуыңызды сұраймыз.
Шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес орындалған жұмыстарды сипаттағаннан кейін:
- 1-жартыжылдықта нақты орындалған жұмыстарды көрсету;
- зерттеу нәтижелері, бар боған жағдайда – басылымдардың, патенттердің және т.б. есепті кезеңде-авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспа орны, беттер саны, журналдардың деңгейін, импакт-фактордың мәнін көрсету (Бар болса).
Бұл ретте, орындалған жұмыс туралы мәліметтер мен нәтижелер шарттың есепті кезеңдегі бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес келуі маңызды.
Орындалған жұмыстардың актілерін 2022 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде екі данада ұсынуды сұраймыз!
Актілерді алдын ала қарау жоғарыда көрсетілген бекітілген кестеге сәйкес келесі электрондық пошта адрестері арқылы жүзеге асырылады:
l.koishygulova@edu.gov.kz – Койшыгулова Л.Р. тел. 8-7172-74-24-68;
g.basharova@edu.gov.kz – Башарова Г.Т. 8-7172-74-20-29;
sa.nurakhmetova@edu.gov.kz – Нурахметова С.А. 8-7172-74-20-29;
zhanar.abzhamalova@edu.gov.kz – Абжамалова Ж.Е. 8-7172-74-19-18;
d.turganbayev@edu.gov.kz – Турганбаев Д.А. 8-7172-74-25-88;
t.kartamuly@edu.gov.kz – Картамулы Т. 8-7172-74-20-29.