Болатбек Әбдірәсілов Органикалық синтез және көмір химия институтында болып қайтты

Болатбек Әбдірәсілов Органикалық синтез және көмір химия институтында болып қайтты

20-шы қаңтарда ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Төрағасы Болатбек Әбдірәсілов Қарағанды қаласындағы органикалық синтез және көмір химия институтында болып қайтты.  

Институт Қазақстандағы көмір химиясы саласында алдыңғы қатарлы орындарда, оны ҚР ҰҒА академигі Зейнолла Молдахметов басқарады.

Іс сапары барысында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Төрағасы институттың зертханалық базасымен және табиғи-синтетикалық полимерлер, органоминералды гуминдік тыңайтқыштар, наноқұрылымдалған катализаторлар мен түрлі бағыттағы нанокомпозиттерді алу саласындағы зерттемелердің нәтижелерімен, құрылымдама түзеуші топырақтар, көмір отындық брикеттер, көмір шығарудағы қалдықтар негізіндегі мұнай тасығанда оны жинауға арналған магнитті-наносорбенттер және тағы да басқа бағыттағы зерттеулермен танысты. Институттың ғалымдарымен Қазақстанда алғаш рет химиялық процесстердегі қысқа толқынды және ультрадыбыстық технологиялар енгізілген. Институттың бірқатар зерттемелері өндіріске енгізілген – Қарағандыда және Екізастұзда бұрғылау ерітінділеріне арналған көмір сілтілі реагент шығарумен айналысатын екі кәсіпорын жұмыс істейді.   

ҚР БҒМ 2016-2017 жылдардағы гранттық жобалар шеңберінде көмір өндірісіндегі және ауылшаруашылықтағы қалдықтар негізінде көмір-отындық брикеттер шығару бойынша технологиялық желі құрылып іске қосылған. Сонымен қатар құс саңғырығы мен көмір шығарудағы қалдықтар негізінде өсуді белсендірек ететін әсері бар жаңа органоминералды тыңайтқыштар жасап шығару технологиялары құрылып жатыр.