«Ғалымның сырлары»: өзіңді ғылымнан қалай табуға болады

«Ғалымның сырлары»: өзіңді ғылымнан қалай табуға болады

Биология ғылымдарының кандидаты, бактериялар мен вирустердің молекулярлық генетика саласындағы маман, Ұлттық биотехнологиялар орталығының қолданбалы генетика зертханасының меңгерушісі Александр Шевцов - "Ғалымның сырлары" сұхбаттар топтамасында. Ғылым қайраткері оның өміріне ғылым қалай енгені туралы, өзінің армандары мен зерттеулері, отбасы мен ғылымнан тыс өмірі туралы айтып берді.

Барлығы неден басталды?

- Қарапайым студент болдым, үйірмеге бардым. Бастапқыда ол маған қызықсыз болып көрінді, вирусология – ол жерде не қызық болар дейсіз? Сонан соң тартып алып кетті, зертханаға жұмысқа орналастым. Зертханада бірнеше бөлімшелерді ауыстырған шығармын, жаңа бір нәрсе іздедім. Соңыра Ұлттық биотехнологиялар орталығына шақырды.

Неліктен ғылымды таңдадыңыз?

- Ғылымда әрдайым жаңашылдықты іздейсің, өз-өзіңді жетілдіресің, жаңа бағыттар, жаңа белестер ашылады. Ол өте қызықты. Бұл өмірге деген көзқарасыңды, зерттеулерге көзқарасыңды өзгерту үшін толығымен салаңды ауыстыруды қажет етпейтін бағыттардың бірі деп ойлаймын. Сондықтан бұл әрдайым бірдеңені өзгертіп, бір нәрсені жетілдіргісі келетіндер үшін қызықты болады.

Ғылым сіз үшін неге тең?

- Мен үшін ғылым – жаңа заңдылықтар, жаңа құптауларды іздеу, гипотезаларды дәлелдеу, бір нәрсені ашып, дәлелдеуге болатындай әрдайым жаңашылдықты іздеу.

Өмірдегі арман туралы

- Армандар әрдайым болады. Ол біріншіден, ата-ана ретінде жақсы әке, жақсы отағасы болу, қоғамға пайдалы болу, өз зерттеулеріммен қандай да бір пайда тигізу, белгілі бір жаңа затты жасап шығару.

Отбасы туралы

- Менің үлкенім институтта оқиды, жуырда бітіреді. Үлкен балам да, кішісі де мектеп жасынан бастап қандай да бір жобаларды қорғап жүретін. Тіпті таңдау жасау керек болды: биология саласына бара ма, әлде нақты ғылым жаққа – информатика және сол сияқтыларға. Сонан соң жағдай солай қалыптасып, информатика саласына барды. Әрине, ол балаларыма қызықты болса мен тек қуанамын оған. Ол солардың басым бағыттары болса.

Демалыс күні

- Ол таңертеңгі 9-ға дейінгі ұйқы, бұл бір қуаныш. Көбінесе, әрине, баланың ыңғайына қарай төселуге тырысамыз. Ол белгілі бір секцияларға барады. Секциялар, сонан соң апта бойы жиналып қалған үй шаруалары, соларды шешеміз. Жәнеде міндетті түрде балалармен сауық құру: киноға, саябаққа немесе тағы басқа жерге барамыз. 

Өз зерттеулері туралы

- Меніңше, екі негізгі бағыт – ол медициналық генетика (негізгі басымдылық емес) және көбінесе генетикалық деңгейдегі бактериология және вирусология.

Қазақстандағы ғылым туралы

- Менің пікірімше, ғалымның дәрежесі көтеріліп келеді, ғалымдарға деген талап та күшейтіліп келеді. Еліміздің ғылыми әлеуеті өзгерді. Біз қазір қуып жетіп, қалыс қалмауға, барлығымен бірге бір деңгейде қадам басуға тырысып келеміз.

Сіз ғылымнан тыс кезде қандайсыз?

- Маған балаларыммен бірге болған ұнайды, солардың өміріне шомып кетесің. Ең сүйікті ермегім – отырып кітап оқу, қызықты фильм болса, киноға баруды немесе үйде қосып көруді ұнатамын.