Ғылым комитеті бүгінгі күні 29 базалық қаржыландыру субъектілері бойынша қол қойылып, тіркеліп және аванстық төлемдер төленгенін хабарлайды. 12 келісім-шарт Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде тіркелу барысында.
Қалған 2 ұйымға, жұмысшыларға еңбекақыны уақытылы беру мақсатында келісім-шарттарды ұсыну процессін тездету қажет:
1. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертханасы» ШЖҚ ЕМК;
2. ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМКҚ
Осы айдың соңына дейін барлық базалық қаржыландыру субъектілеріне базалық қаржыландыру бойынша төлем төленетін болады.
