Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстың қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес аталмыш бос лауазымға Ғылым комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Кенжехан Слямжанұлы Матыжанов тағайындалды.
Қалған үш шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
«Жану проблемалары институты»;
«Зоология институты»;
«Генетика және физиология институты» бойынша конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таныды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдады.