Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылға арналған ұлттық жазылымды ресімдеу үшін реферативтік және толық мәтінді халықаралық дерекқорларының Коммерциялық ұсыныстарын жинақтау басталғанын хабарлайды.
Ұсынылатын қызметтер ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан халықаралық деректер қорын іріктеу бойынша техникалық ерекшеліктерге сәйкес болуы тиіс. Ұсыныстарды дайындау бойынша кеңестерді келесі телефон арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-83? 87019891141.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 19 қаңтар мен 2022 жылғы 25 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Барлық Ұсыныстар электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілдерінде : kn@edu.gov.kz (көшірмесін: d.nurkenova@edu.gov.kz) электронды мекен-жайына қағаз және электронды тасымалдаушылары (дискі/ USB флешк-сақтау құрылғысында) түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.
Осы хабарлама қоғамдық оферта болып табылмайды.
1-қосымша: Реферативтік халықаралық деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі техникалық ерекшелік.
2-қосымша: Толықмәтінді халықаралық деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі техникалық ерекшелік.