2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті   еліміздің барлық аймақтарында төтенше жағдай жариялануына байланысты (2022 жылғы 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін) 2021 жылы 7 желтоқсанда жарияланған «Жас ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімі 2022 жылғы   4 ақпанға дейін (қоса алғанда) ұзартылғаны жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) ресми сайтында орналастырылған.