
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 1 наурызда БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Б.С. Абдрасилов Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде іссапармен болды.
Комитет төрағасы ғылымды дамытудың басымдықтарымен таныстырды, сондай-ақ негізгі басымдықтарды іске асыру жөніндегі шаралар жайында кеңірек тоқталып, Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы заң жобасына қатысты түсініктеме берді.

Кездесу аясында ғылымды басқарудың қолданыстағы жүйесін, нормативтік-құқықтық базасын және ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады.