
«Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) 2018 жылдың 18 маусымы мен 1 тамызы аралығында 2018 жылғы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу кезеңінде электрондық порталда 431 өтінім тіркелді.
Қор келіп түскен өтінімдерге формалды тексеріс жүргізіп, нәтижесінде конкурстық құжаттама талаптарына 353 өтінім сәйкес келетіні және 78 өтінім сәйкес келмейтініанықталды.
А.ж. 17 тамызда конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін өтінімдер технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларға берілді. Сараптама өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей жүргізіледі.