2021 жылы 24 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

2021 жылы 24 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты, көрнекті ғалым Өзбекәлі Жәнібеков танымалдылығының сан қырлы қайраткерлігін ашып көрсету, оның тікелей атсалысуымен заманауи Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-саяси және әлеуметтік саласы қалыптасқаны белгілі. Айтулы тұлға кеңес билігінің саяси басшылығы  алдында мақсатты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастап,  Түркі әлемінің  жоғалтып алған  бірегей дәстүрлі құндылықтарын қалпына келтіруді қолға алуды жүзеге асырды.

Конференцияға қатысушылар қайраткердің мемлекет пен қоғам алдында қолға алып, жүзеге асырған қыруар жұмыстарын жан-жақты талқылап, жұртшылыққа белгісіз кейбір тарихи оқиғалар мен жағдайларды, қол жеткізген жетістіктерді талқыға  салады. Бұл салада  Өзбекәлі Жәнібековтың Қазақстанның тарихи, бірегей мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтауды  ұйымдастырып, еліміздің құнды ескерткіштеріне  қосқан  орасан зор үлесін, солардың қатарында Бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген көптеген мәдени мұрасы бар екенін атап өту парыз.

Ғылыми конференция барысында Өзбекәлі Жәнібековтың бұрынғы серіктестері мен әріптестері О. Сүлейменов, М. Жолдасбеков, М. Жұрынов, С.Терщенко, Қ.Сұлтанов сынды белгілі қоғам қайраткерлері сөз алып, айтулы тұлғаның еңбегі туралы естеліктерімен бөліседі. Конференция жұмысы барысында отандық ғалымдар мен сарапшылардың Өзбекәлі Жәнібековтың еңбек жолы мен қайраткерлігіне қатысты тың деректерді алға тартып, кәсіби зерттеу мен шығармашылыққа арқау етуге оң бастама ретінде пайдалану көзделуде.

Конференция барысында академик  Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы тарапынан ҚР Мемлекеттік  мұрағатынан алынған құжатттар мен фотосуреттер қойылған Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қайраткерлік қызметіне қатысты көрме экспонаты ұйымдастырылады. Солардың қатарында Бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген мәдени мұра құжаттарының көшірмесі бар.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология институты» және  «Қ.И.Сәтбаев атындағы Мемориалдық мұражайы».

 

Өтетін жері: Алматы қ., Құрманғазы, 29, 3 қабат, ҚР БҒМ ҒК ФСДИ Мәжіліс залы. Онлайн конференция жұмысы: 10:00 - 13:00 аралығында өтеді.

Жауаптылар: Базарбаев Алтай, Тел.: 2724783, 87015559913, 87075559913; e-mail: altaev-be@mail.ru; Естаев Жанат, Тел.: +7 771 191 00 56, e-mail: 050000river@mail.ru