«Арглабин нативный» препараты субстанция алу көзі эндемиялық, жергілікті өсімдік шикізаты болып табылатын түпнұсқалық әзірлеме болып табылады. Иммуномодуляция әсері медициналық тәжірибеде дәлелденген және денеге жеңіл әсер етеді. Өткізілген зерттеулер нәтижесінде иммуномодулятор ретінде осы препараттың жақсы төзімділігі мен қауіпсіздігі анықталды. Бұл препарат тірі ағзаға улы әсер етпейді, жағымсыз әсерлері де жоқ, қолданыстағы препарат-аналогтармен салыстырғанда жоғары фармакологиялық әсер көрсетті.
Жоба «Халықаралық ғылыми-өндірістік Фитохимия холдингі» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылады. Жоба ҒҒТҚН және жеке серіктес - «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС коммерцияландыру кешенінде «Ғылым қоры» АҚ гранты есебінен жүзеге асырылады.
