Бірегей препараттардың субстанцияларын жалған сұйықталған кептіру және таблеткаларды қабықшамен қаптау учаскесінің ресми ашылуы өткізіледі

Бірегей препараттардың субстанцияларын жалған сұйықталған кептіру және таблеткаларды қабықшамен қаптау учаскесінің ресми ашылуы өткізіледі
https://youtu.be/8V75qbN-U2c
https://24.kz/ru/news/economyc/item/290309-proizvodstvo-tabletok-s-tverdoj-obolochkoj-zapustili-v-karagande

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 06.09.2018 ж. №18-01-7.12 тапсырмасын («Қарағанды облысының фармацевтикалық өндірістерін дамытуға, соның ішінде дайын өнімді шығару және өндірісті кеңейтуге көмек көрсету» 3.2-тармағын) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қарағанды фармацевтикалық аймақтық кластерін дамыту үшін «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ және Қарағанды фармацевтикалық зауытының негізінде пелеттерді, микротүйіршіктерді өндіруге және таблеткаларды қабықшамен қаптауға арналған коатері бар жалған сұйықталған кептірудің бірегей технологиялық жабдығымен жабдықталған қатты дәрілік түрлердің өндірістік учаскесі ұйымдастырылды.

Аталған учаскені пайдалануға енгізу Қарағанды аймақтық фармацевтикалық кластері шығаратын фармацевтикалық өнімнің номенклатурасы мен сұрыпталымын кеңейтуге көмектесіп, өндіріс шығындарын 2-3 есе азайтуға, өндіріс үдерісінің ұзақтығын қысқартуға және еңбек өнімділігін 4-5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өнімнің өзіндік құнын және, сәйкесінше, дайын дәрілік заттардың бағасын төмендетуге оң әсерін тигізеді.

Осы жоба «Ғылым қоры» АҚ-ның ғылыми және (неимесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру аясындағы гранттық қаржыландырудың және шеңберінде «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ жеке серіктес - «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-мен бірлесіп «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ-ның базасында жүзеге асырадыылуда.

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-да бірегей препараттардың субстанцияларын жалған сұйықталған кептіру және таблеткаларды қабықшамен қаптау учаскесін ашу салтанатынада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.А. Айдаров, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы А.Ж. Сұлтанғазин, Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғ.А. Жұмасұлтанов, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ш. Нұрлыбаев, Youdim Pharmaceuticals компаниясының (Израиль) президенті Moussa Youdim (Муса Юдим), Youdim Pharmaceuticals компаниясының бас директоры Tal Aharon Youdim (Тал Ахарон Юдим), Израильдік бизнес-инкубатордың директоры Klara Oren (Клара Орэн), «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ және Қарағанды фармацевтикалық зауытының басшылары мен өкілдері қатысадыты.