18 қаңтарда Астана қаласында «Led System Media» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Арнайы жылыжайларға және басқа да инновациялық қондырғыларға арналған нанофосфорды құю арқылы екінші буынды led шамдарын (филаменттік) жасау және өндіру» жобасы алдын-ала іске қосылды. Жоба ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылуда.
Табиғи күн сәулелеріне аса жақын сәулелендіру спектрі жылыжайдағы астық өнімін аз уақыт ішінде алуға мүмкіндік береді. Филаментті шамдарды пайдаланатын жылыжайда дақылдардың өсім қарқыны кәдімгі жылыжайлардағы өсім қарқынынан 30-40% -ға жоғары.
Шығарылатын шамдардың негізгі артықшылығы жоғары энергия тиімділігі және қуатты аз тұтынуы болып табылады.
Салтанатты рәсімге Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, Қазақстан Республикасының Сенат және Мәжіліс депутаттары, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумнің Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К. Доскенов, Қазақстан Республикасындағы Беларус Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі А.И. Ничкасов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы А.Ж. Сұлтанғазин, Youdim Pharmaceuticals (Израиль) компаниясының Президенті Moussa Youdim, Youdim Pharmaceuticals компаниясының Бас директоры Tal Aharon Youdim, «L.N. Innovative Technologies» эко-технологиялық инкубаторының негізін қалаушы және Бас директоры Klara Oren қатысты.