«Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

«Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

2019 ж. 12 ақпанда Алматы қ. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қатысуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырманы іске асыру аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобаны орындау шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жалпы әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасының Жобасын және ғалымдар қауымдастығы мақұлдаған әрі жалпыұлттық мүдделерге сай келетін, ғылыми тұрғыдан қалыптастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» тізімін талқылау.

Іс-шараның модераторлары ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Е.Т. Садықов пен институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Дөңгелек үстел барысында Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының директоры, профессор Ә.Б. Дербісәлі, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, профессор А.Қ. Бижанов, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институтының директоры, профессор Е.З. Қажыбек, ҚР ҰҒА-ның құрметті академиктері – Қ.Т. Жұмағұлов, М.Қ. Қойгелдиев, Т.О. Омарбеков, әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Тарих, археология және этнология» факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, Мемлекет тарихы институтының ғалым хатшысы А.Ж. Ғабдуллина және т.б. атақты тарихшылар баяндама жасады. Сонымен қатар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту республикалық саябағын қалыптастыру үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты даярлаған тұжырымдамасы жобасын негізге ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері негізінде Тұжырымдамасы толықтырылып, бекітілді.