2019 жылдың 15 ақпанында Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқасы аясында «Қазақстандағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, бағынысты ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты
Ашылу салтанаты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенқұловтың баяндамасымен басталды. Вице-министр 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламаны әзірлеу үшін жоспарланған көрсеткіштерге жету бойынша алдағы жұмыстар туралы баяндады.
Сөз сөйлеу барысында вице-министр ғылыми басымдықтарды белгілеу және мемлекеттің, бизнестің, академиялық орта мен қоғамның теңдестірілген мүдделеріне негізделген ғылыми зерттеулер үшін мақсатты белгілеу үшін тәуелсіз, ведомствоаралық жүйе құрудың қажеттілігін атап өтті, нәтижесінде ғылымның басым бағыттары үнемі жаңартылып, көп деңгейлі жүйе болып табылады.
Төраға міндетін атқарушы Р.Нурсеитов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қызметінің қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы есеп берді.
Хабарландыруға сілтеме:http://sc.edu.gov.kz/main/announcements/5460/